Интернет-компания Mediana.kz
RUS
+7 (7292) 609-919
+7 (7292) 511-999
Хабарлама жолдау

Пайдалы мақалалар

Бағдарламалау тілдерін қалай үйренуге болады?

H&F (hopesandfears.com) сайтының таңдауы бойынша, кодтауға ыңғайлы бес  онлайн-қызмет іріктелді.

1) Codeacademy (codeacademy.com)

Бағдарламалауды басынан бастап меңгергіңіз келсе, онда бұл сервис сізге арналады. JavaScript, HTML/CSS, Python және Ruby секілді бағдарламалық тілдермен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Сабақтар  қысқа әрі жеңіл жаттығулардан құралған. Қолданушы кодты жазған мезетте нәтижесін сол жерден көре алады. 

Қосымша мотивация ретінде, кез-келген топтағы жаттығуларды, тесттерді мүдірмей орындағандарға, Codeacademy-да мақтау бейдждер  жүйесін енгізген. Бұл сервистің тағы бір артықшылығы, әрбір юзерді (пайдаланушы) бақылау арқылы, оған арнайы таңдалған, қажетті келесі оқу-курсын ұсынып тұрады. Сондай-ақ кез-келген қолданушының өзгелерге арнап өзінің оқу-курсын ашуға  немесе қосымша жаттығуларын енгізуге  мүмкіндігі бар. Сервистегі ең танымал Code Year атты курсынан өткеннен кейін, сайттар мен ойындар құруды үйренуге болады.

2) Code School (codeschool.com)

Егер де Codeacademy минималды жаттығулармен шектелсе, Code School тәжірибеге көп көңіл бөлген.  Бұл сервисте ең қызықтысы Ruby, JavaScript, HTML/CSS  және iOS бағдарламалары емес, ал оқу-курстардың жалғасы болып табылатын Rails for Zombies. Бұл компанияның ұраны – Learn by Doing («Іске асыра отырып үйрен »).  Қызметтің бір артықшылығы абстракты жаттығулардың орнына, қолданушыларға қызықты оқу-курстарын өздері таңдай алатындай мүмкіндік бар. Мысалы, зомби туралы ойындар. 

Барлық базалық курстар бес сатыдан тұрады. Әрбір саты басталмас бұрын 15 минуттық алдын-ала оқу-видеосы болады. Содан кейін түрлі жаттығуларды орындағаннан кейін, сол мезетте нәтижесі көрінеді. Мысалы,  iPhone құрылғысына арналған бағдарламалар жасау курсында, кодты экранда арнайы көруге болатын эмулятор қондырғысын байқауға болады. Әрине, мұнда да жоғары нәтижелерге жету үшін бірнеше балл және  бейдждерді де жинау керек.

3) Treehouse (treehouse.com)

Толық сайтты немесе iPhone мен Android құрылғыларына арналған бағдарламарды құруға дайын болмасаңыз, тек ғаламтор жүйесін толықтай меңгергіңіз келсе, оқыту-видеоларына арналған Treehouse сервисінің YouTube каналына жазылсаңыз болады. Сайтта 1000-нан астам оқыту-видеолары бар. Соның ішінде  Ruby on Rails, PHP  және тағы да басқа бағдарламалық орталарымен таныса аласыз. Әрбір видео уеб-дизайн, программалау, технологиялық кәсіпкер және тағы да басқа курстарға бөлінеді. 

Видеолар әрдайым жаңарып тұрады. Кез-келген видеодан кейін тәжірибелік жаттығулар немесе интерактивті сұрақтар қойылады. Әрбір курстың соңында кішігірім жобаңыз дайын болады. Содан кейінгі қадамыңызды  сервистің  ұсынысы бойынша жалғастыруға болады. Сайтта қолданушыларға арналған форум бар, онда эксперттерден фидбэк (сізге қатысты сын-ескертпелер) алуға немесе шеберлік сағаттарға қатысуға болады. Сервистің бір кемшілігі, толықтай оқуды меңгеру үшін жылына 250$-дан 490$-ға дейін  төлеуге тура келеді. Бірақ Treehouse сервисінде программалауды базалық түрде меңгерген қолданушыларға Code Racer атты тегін жоба бар. Онда кодтау арқылы жеделдік пен уақыт жағынан  жүйріктікті көрсету керек. Ойын процесінде қарсыласының  экранына мысықтардың суреттерін жіберу арқылы кедергі жасауға болады.

4) Udacity (udacity.com)

Егерде оқу-курстарын өзіңіз жеке меңгере алмасаңыз,  Coursera, Udacity секілді  профильді сайттардан  жаңа қолданушылармен бірге  онлайн-курстарды өтуге болады. Мұндай курстардың бір артықшылығы, мұғалімнің болуы және арнайы күнделікті жүйенің арқасында, мүдірмей меңгеріп шығасыз. Жаңа қолданушыларға арнайы  Introduction to Computer Science атты танымал оқу курсы (видео емес) бар. 

Стэнфорд университетінің базасы бойынша құрылған Udacity онлайн оқыту орталығында жоғары оқу орындарының сабағын тегін алуға болады. Әрбір курстың жанында қиындықты анықтайтын  шкала орналасқан. Басынан бастасаңыз, кезек-кезегімен қиындық шкаласы жоғарылаған сайын, сіздің де жоғары программалауды үйренуге мүмкіндігіңіз туады. Coursera сервисінде де  болашақ программистерге бірнеше оқу-курстары бар. Мысалы Python жүйесіне  арналған немесе креативті мобильдік құрылғыларға бағдарламалар жасау секілді оқу-курстары бар.

5) Sparki (sparki.com)

Жоғарыда айтылған курстарды меңгеруге қиын болатын болса, онда арнайы балаларға арналған оқу жүйелерін қолдануға болады. Мысалы, iPad  пен iPhone құрылғыларына арналған  Move the Turtle бағдарламасы. Бұл ойында тасбақаның қозғалуына әрекет жасау үшін, түрлі жаттығуларды орындау арқылы программалауды үйренуге болады. Ал Carnegie Mellon University құрған Alice сервисінде 3D кейіпкерлердің қозғалуына әрекет жасайтын, сондай-ақ  C++,  Java жүйелерімен қоса бағдарламалауды үйренуге мүмкіндік бар. Ruby жүйесін үйрететін  Hackety Hack бағдарламасы, басқаларға қарағанда, арнайы программалық тілдер  командасы арқылы меңгеруге болады. 

Бірақ балаларға ең қызықтысы, әрине – робот. Алдын-ала компьютерлік кодтарды жазу арқылы, роботты кез-келген іс-әрекетке қолдануға болады. Kickstarter-ге қаржы жинаған мұндай роботтардың бірі – Sparki. Оны Kickstarter.com сайтынан 100$-ға алуға болады. 


Оқылған саны: 1721

 

Нравится

Yandex ТИЦ пен Google PR өсуі неге байланысты?

Фейсбуктегі “Сайттың танымалдылығын арттыру” тобында блоггер Айжан Құлмұханбетова “Yandex ТИЦ пен Google PR өсуі неге байланысты?” деген сұрақ қойған болатын. Оған szh.kz сайтының админі Ербол Серікбай мынадай жауап берді. 

Оқылған саны: 1909

 

Бағдарламалау тілдерін қалай үйренуге болады?

Бағдарламалауды басынан бастап меңгергіңіз келсе, онда бұл сервис сізге арналады. JavaScript, HTML/CSS, Python және Ruby секілді бағдарламалық тілдермен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Сабақтар  қысқа әрі жеңіл жаттығулардан құралған. Қолданушы кодты жазған мезетте нәтижесін сол жерден көре алады.  

Оқылған саны: 1721

 

PHP бағдарламалау тіліндегі фреймворктарға шолу

PHP – уеб-кодерлер арасындағы ең танымал  және ыңғайлы бағдарлау тілдерінің бірі. Ыңғайлығына қарамастан кейбір күнделікті бағдарлау операциялары монотонды және жалықтыларлық болуы мүмкін. Бұның салдарынан кәсіптік сапа, кәсіптік өсу, уақытыңыздың үнемді қолданылуы екінші орынға өтуі әбден ықтимал. 

Оқылған саны: 1028

 


WWWRating агенттігінің мониторингтік бағалау нәтижелері бойынша біз қазақстандық жетекші веб-студиялардың ТОП-10 тізіміндеміз

 

 


Страницы:
1
2
 



  • Бөліп төлеу

    Енді бізде сайт жасау қызметінің бағасын бір жыл бойы, ешқандай үстеме ақысыз бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
    Толығырақ >
  • Тегін хостинг

    Бізде жасақталған сайттардың барлық түрлері бір жыл мерзімге тегін техникалық қолдау қызметіне лайықты
    Толығырақ >
  • Бағаның төмендетілуі

    Сайтты қосалқы басқару жүйесінің іске қосылуына байланысты сайт жасақтау қызметі 35% пайызға төмендеді
    Толығырақ >

Мүмкіндіктеріміз және жетістіктеріміз


Сапа менеджментінің талаптарының СТ РК ИСО 9001-2009 жүйесінде сертфикатқа ие

Қазақстан АТ-компаниялар Ассоциациясының аккредитациядан өткен мүшесі

Қазақстан Интернет Ассоциациясының аккредитациядан өткен мүшесі

«Грант Казахстан» корпоративтік қорының технологиялық серігі

Марапаттар және қолдаулар


Ұлттық НБР бизнес рейтингінің «Сала жетекшісі 2014» жеңімпазы

Қазақстандық үздік веб-студиялардың ТОП-10 тізім рейтингінде / 2013

Ұлттық Award.kz интернет жүлдесінің бір қатар номинациаларының жүлдегері

Халықаралық интернет жобалар конкурсының номинация жүлдегері / 2010

Аймақтық Grant'2013 үздік сайттар интернет-премиясының жүлдегері