Интернет-компания Mediana.kz
RUS
+7 (7292) 30-40-90
+7 (7292) 30-49-90
Хабарлама жолдау

Пайдалы мақалалар

«Cloud computing» немесе бұлттық есептеу технологиялары деген түсінігі туралы не білеміз?

Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаға технологиялардың бірі –Бұлттық технология. Ағылшынша “Cloud technology” немесе “Cloud computing” (Cloud – бұлт; technology – технология; computing – есептеулер) “бұлт/бұлттық есептеулер” немесе “бұлт/бұлттық технология, қызметтер” деп те атайды. Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты уеб-браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі. 

Сloud computing-ді жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бұлттар» деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы — тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.

«Есептегіш бұлттар» мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:

Жеке бұлттар (private cloud) — жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда – ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.
Ортақ бұлттар (public cloud) — көпшілікке арналған, олардың интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет желісіндегі Google, Yahoo т.с.с электрондық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде қарауға болады.
Қоғамдық бұлттар (community cloud) — ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура.
Аралас бұлттар (hybrid cloud) — екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.

Сонымен бұлттық есептеулердің не екенін түсіндіріп өттік. Енді бұлттық есептеулерді ұсынушы сервис иелері мен тұтынушылар арасындағы қатынасқа тоқталып өтейік. Тұтынушыларға қызмет көрсету моделі мақсаты мен құрамына байланысты мынадай негізгі үш түрге бөлінеді (IaaS, PaaS, SaaS):

Бағдарламалар сервис ретінде (Software as a Service, қысқаша SaaS) дегеніміз – тұтынушы “бұлттарда орналасқан” бұлт иелерінің меншігіндегі бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің бір түрі. Тұтынушы кез-келген жерден интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады. Бағдарламаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, және оған кететін шығындарды толығымен бұлт иелері өз мойнына алады да, ал тұтынушы (егер сервис ақылы болса) тек сол бұлтты сервисті қолданғаны үшін ғана айлық жарнақы төлеп тұрады. Осылайша, тұтынушы өзіне керекті бағдарламаның лицензиясын сатып алуға бірден көп ақша шығармайды да, ал бағдарлама құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан және заңсыз пайдалануынан сақтандырылады.

Тұғырнама сервис ретінде (Platform-as-a-Service, қысқаша PaaS) дегеніміз —тұтынушы өзінің негізгі бағдарламалары мен жаңадан жасалатын, немесе сатып алатын бағдарламаларын бұлттарға қою мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің екінші бір түрі. Мұндай тұғырнамаға көбінесе бағдарлама жасауға, оны сынауға, орындауға арналған құрал-жабдықтар, дерек көздерін басқаратын жүйелер, бағдарлама жазатын орта мен құралғылар кіреді. Қазіргі кезде көптеген бағдарламалар бір ортада жазылып, екінші ортада сынақтан өтіп, үшінші ортада іске қосылып жататыны жасырын емес. PaaS моделінің арқасында жоғарыда аталған құрастыру, сынау, іске қосу операцияларын интеграциаланған бір ортада өткізуге болады. Соның арқасында жаңағы айтылған әрбір ортаға, тұғырнамаға, сервер сатып алуға кететін шығындарды үнемдеуге болады. Осы модельдің жарқын мысалы ретінде уеб-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады.

Инфрақұрылым сервис ретінде (Infrastructura-as-a-Service, қысқаша IaaS) – моделін тек ірі кәсіпорындар пайдалануы мүмкін. Оның жеке тұлғаларға қажеттілігі шамалы. Сонымен IaaS моделі дегеніміз — тұтынушы өзіне керекті әртүрлі компьютерлік инфраортаны пайдалана алу мүмкіншілігіне ие бола алатын бизнес-модельдің үшінші бір түрі. Мұндай компьютерлік инфраортаға серверлер, мәлімет сақтау жүйелері, желілік құралғылар, осы ресурстарды басқаруға арналған бағдарламалар, операциалық жүйелер және т.с.с кіреді.Бұл сервисті пайдаланған кәсіпорындар қымбат құралғылар мен бағдарламаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған инфраортаның құрамы мен пайдаланған уақытына ғана сәйкес қаражат төлейді. Мұндай модельді ұйымдастыру кезінде бұлт иелері виртуалдау технологиясын қолданады, яғни белгілі бір құралғылар мен бағдарламаларды виртуалды бөліктерге бөліп, бірнеше тұтынушыларға пайдалануға бөліп беруі мүмкін. IaaS моделін пайдаланудың мысалы ретінде онлайнды MS Office бағдарламасын, «1С: Кәсіпорын» және кейбір антивирусты шешімдерді айтуға болады.

SaaS моделінің тағы бір логикалық жалғасы ретінде соңғы кезде (Desktop as a Service, қысқаша DaaS) моделі шығып жүр. DaaS моделін пайдаланғанда тұтынушылар өз қызметіне қажетті толығымен дайындалған стандартталған “виртуалды жұмыс орнын” ала алады. Әр тұтынушы осы ұсынылған “виртуалды жұмыс орнын” өз қажетіне ыңғайлы етіп өзгерте алады. SaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы белгілі бір бағдарлама ғана емес, бағдарламалар жиынтығымен жұмыс істеуіне мүмкіншілік ала алады.

Осыған ұқсас тағы бір (Workspace as a Service, қысқаша WaaS) деген де модель де кездесіп қалып жүр. Оның DaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы тек бағдарламамен жұмыс істеуге ғана мүмкіншілік алады да, ал барлық есептеулер тұтынушының өз копьютерінде жүргізіледі.

Тағы да бір аты аталып жүрген «Барлығы сервис ретінде» (Everything as a service, қысқаша EaaS)моделі жоғарыда аталған барлық қызмет көрсету модельдерінің элементтерінен құралады. Бірақ бұл модель қазір нақты істейтін қызмет емес, тек қана концепция болуы мүмкін. Осындай модельді жуық арада Microsoft, Google, HP т.с.с ірі гигант компаниялар ұсынуы мүмкін деген жорамалдар айтылуда.

Көріп отырғанымыздай бұлттық есептеулердің түрлері мен қызмет көрсету модельдері өте көп, солардың барлығы да бизнеске арналған. Соның ішінде қарапайым жеке тұлғаларға арналған SaaS түріндегі шешімдер қазір көптеп кездеседі. Бір қызығы, солардың көпшілігін қазір күнделікті өмірде қолданып жүргенімізбен, бірақ солардың «бұлттық» шешімдер екеніне көбіміз назар аударып жүргеміз жоқ.

Енді бұлттық технологияны пайдаланудың тиімді жақтарына тоқталып өтейін. Олар:

• үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, бағдарламаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;
• тұтынушы кез-келген жерден, кез-келген уақытта интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дерек көздерімен жұмыс істей алады;
• тұтынушы компьютерлік құралғының осалдығына, немесе оның сынып бұзылуына, немесе жұмыс істейтін бағдарламаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;
• тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;
• жеке компьютердегі бағдарламалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін, немесе бағалары айлық жарнақы ретінде өте арзан келеді;
• кейбір жобаларды «бұлтқа шығарудың» әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы – аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді администрациялауға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;
• сонымен қоса сол бағдарламаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны «бұлтқа шығару» арқылы шеше алады.

Қорыте кеткенде қазіргі жаңа технологиялардың күннен-күнге дамып жатқан уақытында «бұлттық есептеулер» ең қажетті сервис екені айдан анық. Google секілді гиганттар осындай бағдарламалар мен сервистерді пайдалануға бізді итермелеуде. Оның үстіне соңғы кезде үрдіс алып отырған планшеттер мен қалта телефондары мобильді бағдарламардың көбейуіне, есептегіш бұлттарды пайдалануға, олардың қызмет түрлерінің көбейуіне ықпал етіп отыр десек, қателеспейміз. Көптеген компаниялар қазір «бұлттар» жарысына қосылып кетіп өз қызмет түрлерін ұсынуда. Қазақстан нарығына еніп кеткен бірнеше Ресей, Беларус компаниялары да бар. Ал «бұлттық шешімдер» ұсынып жүрген Қазақстан компанияларын қызмет түрлері саусақпен санарлық екені де белгілі.

Енді екі-үш жылдан кейін «бұлттық шешімдер» ұсынатын отандық компаниялардың көбейетініне сенімім мол!

Ержан Нүсіпбеков,

“KT Cloud Lab” компаниясының

ІТ директоры 


Оқылған саны: 10135

 

Нравится

YouTube-та видеоны әр-түрлі ракурстан қарайтын мүмкіндік пайда болды

Google компаниясына тиесілі, бұл күні әлемдегі ең танымал сайттардың бірі және бірегейі YouTube сайтында видеоны әр-түрлі ракурстан қарайтын мүмкіндік пайда болды. 

Оқылған саны: 1589

 

SMM және SMM-стратегия дегеніміз не?

Әлеуметтік желілер (Facebook, Twitter, Google+ және т.б.) мен басқа да блогплатформалар (yvision.kz, kerekinfo.kz және т.б) арқылы компанияның немесе жеке тұлғаның брендін қалыптастыру, өнімнің немесе қызметтің сату көлемін ұлғайту. 

Оқылған саны: 2938

 

«Cloud computing» немесе бұлттық есептеу технологиялары деген түсінігі туралы не білеміз?

Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаға технологиялардың бірі –Бұлттық технология. Ағылшынша “Cloud technology” немесе “Cloud computing” (Cloud – бұлт; technology – технология; computing – есептеулер) “бұлт/бұлттық есептеулер” немесе “бұлт/бұлттық технология, қызметтер” деп те атайды. 

Оқылған саны: 10135

 

Қазнет тарихындағы ең ірі келісім: kolesa.kz, krisha.kz сайттарына $15 млн инвестиция салынды

Сәуірдің 22-сі күні Қазнет тарихындағы ең ірі келісім жасалып, kolesa.kz, krisha.kz және market.kz сайттарына $15 млн инвестиция салынды. 

Оқылған саны: 2311

 

Жаңа маркетинг технологиялары: landing page дегеніміз не?

Біраз уақыт болып қалды, осы термин кең таралып та кетті. Жалпы, нақты ақпаратсыз ұзынқұлақ деңгейінде сөз қозғасақ, бұл термин әдеттегіше АҚШ, Батыс Еуропа жақтан келген.  

Оқылған саны: 2762

 

Интернетті біржола өзгерткен 11 адам

Интернеттің соңғы онжылдықтарда өте жылдам дамығаны, бүкіл әлемді “шарлап”, адамдардың өмір сүру дағдысын қайтып келмейтіндей өзгерткені көпшілікке мәлім. Оның орнын ештеңе баса алмайды, оған балама жоқ. Интернет білім алуға, жаңа затты білуге құштар адамның немесе ермек етіп, көңіл көтергісі келетіннің шөлін қандыратын ақпараттық, терең көл іспеттес. 

Оқылған саны: 3604

 

Grant.kz Интернет-жүлдесі Қазнеттің өңірлік форсажы

Осы жылдың 1 қазаны мен 30 қарашасы аралығында “Маңғыстау облысындағы үздік сайттар байқауы” болып өтті. Қазақ интернетінің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл өңірлік сайттар байқауына 169 уебсайт қатысты. Жарыстың негізгі ұйымдастырушысы – “Грант Қазақстан” корпоративтік қоры. Екі айға созылған осы шараның қорытындысы 4 желтоқсан күні жарияланды. 

Оқылған саны: 2121

 


WWWRating агенттігінің мониторингтік бағалау нәтижелері бойынша біз қазақстандық жетекші веб-студиялардың ТОП-10 тізіміндеміз

 

 


Страницы:
1
2 



  • Бөліп төлеу

    Енді бізде сайт жасау қызметінің бағасын бір жыл бойы, ешқандай үстеме ақысыз бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
    Толығырақ >
  • Тегін хостинг

    Бізде жасақталған сайттардың барлық түрлері бір жыл мерзімге тегін техникалық қолдау қызметіне лайықты
    Толығырақ >
  • Бағаның төмендетілуі

    Сайтты қосалқы басқару жүйесінің іске қосылуына байланысты сайт жасақтау қызметі 35% пайызға төмендеді
    Толығырақ >

Мүмкіндіктеріміз және жетістіктеріміз


Сапа менеджментінің талаптарының СТ РК ИСО 9001-2009 жүйесінде сертфикатқа ие

Қазақстан АТ-компаниялар Ассоциациясының аккредитациядан өткен мүшесі

Қазақстан Интернет Ассоциациясының аккредитациядан өткен мүшесі

«Грант Казахстан» корпоративтік қорының технологиялық серігі

Марапаттар және қолдаулар


Ұлттық НБР бизнес рейтингінің «Сала жетекшісі 2014» жеңімпазы

Қазақстандық үздік веб-студиялардың ТОП-10 тізім рейтингінде / 2013

Ұлттық Award.kz интернет жүлдесінің бір қатар номинациаларының жүлдегері

Халықаралық интернет жобалар конкурсының номинация жүлдегері / 2010

Аймақтық Grant'2013 үздік сайттар интернет-премиясының жүлдегері