Интернет-компания Mediana.kz
RUS
+7 (7292) 609-919
+7 (7292) 511-999
Хабарлама жолдау

Пайдалы мақалалар

PHP бағдарламалау тіліндегі фреймворктарға шолу

Қазіргі таңда таза PHP тілінде жазатын кодерлерді кездестірсеңіз оларды жалпы алғанда үш топқа бөлуге болады:

-   PHP фреймворктың не екенін білмейтін қауым

-   Уеб-коддинг әлеміне тәй тәй басып келе жатқан қауым

-   Және де сол фреймворктарды құрастыратын программерлер тобы.

Бұл кішкене шолу фреймворк есігін енді ашқалы жатқан әріптестерге арнасақ па деп едік.

PHP – уеб-кодерлер арасындағы ең танымал  және ыңғайлы бағдарлау тілдерінің бірі. Ыңғайлығына қарамастан кейбір күнделікті бағдарлау операциялары монотонды және жалықтыларлық болуы мүмкін. Бұның салдарынан кәсіптік сапа, кәсіптік өсу, уақытыңыздың үнемді қолданылуы екінші орынға өтуі әбден ықтимал. Осыған қоса жұмысқа деген жалпы тәбетіңіз, көңіл күйіңіз де әлсіріске ұшырайды.

Күнделікті өмірден мысал келтірсек… Елестетіп көріңіз, сіз – кәсіпқой аспазшы. Әкімшіліктен 1 күн ішінде “Қала күні” мейрамына 100-200 адамға жетерлік ас дайындауға тапсырыс берілді. Құралдардан қолыңызда қазан, отын, көкөніс. Әкімшіліктен еш көмекші тағайындалмады. Сіз таң атпастан кешкі уақытқа дейін ұн илеумен, ыдыс-шыны дайындаумен уақыт өткізсіздіңіз. Бұл жайлар кәсіпқой аспазшыны яғни сізді рецептерді муқият зертеуден, тағамдарды  көріктеу, әсемдеуден алаңдатты делік. Нәтижесінде шаршадыңыз, тағамның дәмі, сыртқы әсемдігі ойлағаныңыздай болмады. Ең бастысы жұмысыңыздан ләззат алмадыңыз. Әрине! Егер шебер адам ұсақ жұмыстармен айналысса ләззат қайдан болсын? Міне уеб-коддинге тура солай.

Бұл жағдайлардан беп алу үшін берерлік кеңесіміз – PHP фреймворк қолданыңыз. PHP фреймворктар PHP тілінде жазылған уеб-жүйелерге ылғары даму бағытын көрсететін бірден бір құрал.

Біз фейрмворктарды не үшін және қандай мақсатпен қолданамыз?

Әр түрлі мақсатпен. Маңыздысы – құрастыру барысын жылдамдату. Фреймворк сіз үшін жүйеңіздің бастапқы құрылымын құрастырып, монотонды болып кеткен ұзын соңар кодты бір жолға сидырады. Ойланып қарасаңыз пайдалары зор. Сізге бағдарламашы  ретінде ұақытыңыздың көбін жүйенің архитектурасына көңіл болуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бағдарлау барасының әр кезеңінде алдыңызда жүйенің анық сүреті көрініс табады. Неткен тамаша десеңізші! 

Сонымен қатар бұл фреймворктардың түбірінде MVC (Model View Controller) жобалау қалыбы (design patterns) орын алады. Яғни орындалу кодын (Model) қолданушы интерфейсінен (View) ажырататын  бағдарламалаудың бірден бір құрылымдық қалыпы. Бұл жерде “Model” орындалу коды үшін жауап береді. “View” – көрініс, яғни мәліметтін браузерде көрінуі. Controller – Model мен View арасындағы байланыс құралы.

MVC қалыпының пайдасы неде? Кодерлер арасында жүрген “Спагетти код” деген ұғымға тап болмау үшін десеңіз бұл да жеткілікті. «Спагетти код » – кодтың түсініксіз шашыраңқы болуы.

Қалай екен, әсерлі ме? Керек десеңіз тағы бір пайдасы сіз бен HTML кодердың арасындағы тәуелсіз жұмыс. Model мен Controller сізге тиесілі, View – HTML кодерге.

Фреймворк таңауда қандай көрсеткіштерге көңіл бөлу керек?

Құжаттамасы, басқа кодерлер арасындағы танмалдығы және сұранысы, қолданудың жеңілдігі және жылдамдығы, ресми қолдау тобы. Біздің ұсынысымызға келсек жоғарғы сипаттамаларға сәйкес келетін бірнеше фреймворктарды қолданып көріңіз. Сонда өзіңіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін тиімдісін таңдарсыз. Тағы айта кетерлік жайт әріптестеріңізбен кеңесуді ұмытпаңыз.

Бүгінгі таңда PHP фреймворктардың ең жақсысы және беделдісі қайсы?

Қызық сұрақ. Халқымыздың аузында жүрген “Бес саусақ бірдей емес” сөздері біздің салада да актуалдық табады. Әр фреймворктың + және – көрсеткіштері бар. Негізгі мақсаттары бірдей болғанымен жетер жолдарында кішкене немесе үлкен айырмашылықтары болуы мүмкін. IT саласында жүрген оқырманға “Holly war” яғни «Киелі соғыс» немесе «Киелі ғазауат» ұғымы әбден танымал. Бұл фреймворктардың арасында да қызу “холлиуар” орын табады. Сондықтан біз танымал фреймворктарға жалпы шолу шасап өтеміз. Өзіңізге жақсы деп көрінген біреуін таңдап аларсыз, құрметті оқырман.

Kohana – www.kohanaframework.org

Міне шолуымыздың соңғы сарбазына да келіп жеттік. Танысып қойыңыз – Kohana. Басқа фреймворктардан айырмашылығы – «есігі» жеңіл ашылады. Яғни екі-үш күннің ішінді жалпы құрылымын, бағдарлау философиясын ұғына аласыз.

Құжаттамасы сапалы. Программерлер қауымы үлкен. Егер MVC, ORM деген ұғымдармен танысқыныз келсе осы Kohana-дан бастауыңызға кеңес беремін. Әрине бір мақаланың ішіне фреймворктардың ерекшеліктерін шолу қиынға соғады, сондықтан әр фреймворктың ресми сайттарына сілтеме берілді. Мақаланың мақсаты қазақ кодерлер қауымын фреймворктармен таныстыру. Коддинг – бұл да бір мәдениет!

Қорыта айтсақ орыстын әйгілі ақыны Лев Толстойдың сөздері есіме түседі: «Жастардың жиі мынандай сөздерін естисіз “Басқа адамдардың ақылымен өмір сүргім келмейді, мен бұны өзім қарастырамын” Қарастырылып қойғанды несіне қарастырасын? Дайын нәрсені ал да, ілгері жөнел. Адамзаттың мықтылығы осында!»

Рауан Құрмет, бағдарламашы


IT-tirlik онлайн-журналынан алынды
www.it-tirlik.kz 


Оқылған саны: 1029

 

Нравится

Yandex ТИЦ пен Google PR өсуі неге байланысты?

Фейсбуктегі “Сайттың танымалдылығын арттыру” тобында блоггер Айжан Құлмұханбетова “Yandex ТИЦ пен Google PR өсуі неге байланысты?” деген сұрақ қойған болатын. Оған szh.kz сайтының админі Ербол Серікбай мынадай жауап берді. 

Оқылған саны: 1909

 

Бағдарламалау тілдерін қалай үйренуге болады?

Бағдарламалауды басынан бастап меңгергіңіз келсе, онда бұл сервис сізге арналады. JavaScript, HTML/CSS, Python және Ruby секілді бағдарламалық тілдермен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Сабақтар  қысқа әрі жеңіл жаттығулардан құралған. Қолданушы кодты жазған мезетте нәтижесін сол жерден көре алады.  

Оқылған саны: 1725

 

PHP бағдарламалау тіліндегі фреймворктарға шолу

PHP – уеб-кодерлер арасындағы ең танымал  және ыңғайлы бағдарлау тілдерінің бірі. Ыңғайлығына қарамастан кейбір күнделікті бағдарлау операциялары монотонды және жалықтыларлық болуы мүмкін. Бұның салдарынан кәсіптік сапа, кәсіптік өсу, уақытыңыздың үнемді қолданылуы екінші орынға өтуі әбден ықтимал. 

Оқылған саны: 1029

 


WWWRating агенттігінің мониторингтік бағалау нәтижелері бойынша біз қазақстандық жетекші веб-студиялардың ТОП-10 тізіміндеміз

 

 


Страницы:
1
2
 



  • Бөліп төлеу

    Енді бізде сайт жасау қызметінің бағасын бір жыл бойы, ешқандай үстеме ақысыз бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
    Толығырақ >
  • Тегін хостинг

    Бізде жасақталған сайттардың барлық түрлері бір жыл мерзімге тегін техникалық қолдау қызметіне лайықты
    Толығырақ >
  • Бағаның төмендетілуі

    Сайтты қосалқы басқару жүйесінің іске қосылуына байланысты сайт жасақтау қызметі 35% пайызға төмендеді
    Толығырақ >

Мүмкіндіктеріміз және жетістіктеріміз


Сапа менеджментінің талаптарының СТ РК ИСО 9001-2009 жүйесінде сертфикатқа ие

Қазақстан АТ-компаниялар Ассоциациясының аккредитациядан өткен мүшесі

Қазақстан Интернет Ассоциациясының аккредитациядан өткен мүшесі

«Грант Казахстан» корпоративтік қорының технологиялық серігі

Марапаттар және қолдаулар


Ұлттық НБР бизнес рейтингінің «Сала жетекшісі 2014» жеңімпазы

Қазақстандық үздік веб-студиялардың ТОП-10 тізім рейтингінде / 2013

Ұлттық Award.kz интернет жүлдесінің бір қатар номинациаларының жүлдегері

Халықаралық интернет жобалар конкурсының номинация жүлдегері / 2010

Аймақтық Grant'2013 үздік сайттар интернет-премиясының жүлдегері